Әлеуметтік жұмыс туралы

              Ы.Алтынсарин ауылының орта мектебі 2016 жылы  қарашаның 1-і ашылғалы бері мектептің әлеуметтік жұмысы үлкен қарқынмен жұмыс жасап келеді. Мектептің әлеуметтік жұмыстарына Кожауова Бақытжан Төлеуханқызы  жауапты. Әрбір оқу жылының басында Ы.Алтынсарин ауылы бойынша мөлтек аудан мен аулалар араланып, 0-18 жастағы  бала саны, аз қамтылған отбасы балалары және тағыда басқа санаттағы балалар анықталады. Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған оқушылардың жағдайлары анықталады.