Инклюзия

«Бірге сөйлейміз, бірге түсінеміз» тақырыбында ата-ана мен бала арасындағы бірлескен ашық сабақ өткізілді.
 Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, тиімді қарым-қатынас мәдениетін дамыту және өзара түсіністікті арттыру.
Ашық сабақ барысында ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынасын нығайту, бір-бірін тыңдау және түсіну дағдыларын қалыптастыруға бағытталған түрлі психологиялық және логопедиялық жаттығулар мен қызықты тапсырмалар орындалды.
 
Сабақты мектеп психологы Искакова З.Т. және логопед Есілбай Б.С. бірлесе өткізді.