«Ойла! Тапқыр бол! Жеңіске жет!»
23.10.2026


Ы. Алтынсарин ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сыныптар онкүндігі аясында мұғалімдер арасында «Ойла! Тапқыр бол! Жеңіске жет!» ұранымен «ОЙ ГЕНЕРАТОРЫ» атты командалық интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты – мұғалімдердің логикалық ойлауын, тапқырлығын, шығармашылық қабілетін және жылдам шешім қабылдау дағдыларын дамыту, командалық ынтымақтастықты нығайту.
Қатысушылар интеллектуалдық тапсырмаларды орындап, білімдері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Іс-шара қызықты әрі тартысты өтті.
Просмотров: 2