«Адам ба, әлде ЖИ ма?»
20.10.2026


«Жасанды интеллект заманындағы мектеп кітапханасы: жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлер»
«Адам ба, әлде ЖИ ма?»
Бүгін, 19 қазан күні, 5-сынып оқушылары арасында «Адам ба, әлде ЖИ ма?» атты танымдық квиз ойыны өткізілді.
Ойынның мақсаты – оқушылардың жасанды интеллект туралы білімдерін кеңейту, сыни ойлау қабілеттерін дамыту және технологияны жауапкершілікпен пайдалануға баулу.
Іс-шара барысында Абайдың «Толық адам» идеясына ерекше назар аударылды. Ұлы ойшылдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген өсиеті бүгінгі ЖИ дәуірінде де өзекті. Себебі технология қаншалықты дамыса да, адам бойындағы мейірім, ар-ұят пен адамгершілік құндылықтардың орны бөлек.
Жасанды интеллект – бәсекелес емес, көмекші. Технологияны меңгеріп, адамдық болмысымызды сақтау – басты міндетіміз!
Кітапхана – білім мен жаңашылдықты, ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбиені ұштастыратын орта.
#МектепКітапханасы #ЖасандыИнтеллект #АдамБаӘлдеЖИМа #Абай #ТолықАдам #ЦифрлықСауаттылық #РуханиҚұндылықтар
Просмотров: 9