АШЫҚ САБАҚ – ЖАҢА ІЗДЕНІС, ЖАҢА ТӘЖІРИБЕ!

19.10.2026

АШЫҚ САБАҚ – ЖАҢА ІЗДЕНІС, ЖАҢА ТӘЖІРИБЕ!
 
Бүгін 3 “Б” сынып оқушыларымен әдебиеттік оқу пәнінен «Қайырымды қоян» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
 
 Сабақтың мақсаты – оқушылардың мәтінді түсініп оқу, оқиға желісін болжау, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамыту, мейірімділікке, жанашырлыққа және қайырымдылыққа тәрбиелеу.
 
 Сабақ барысында оқушылар ертегіні «Стоп-кадр» әдісі арқылы оқып, оқиғалардың жалғасын болжап, топтық тапсырмалар орындады. Түрлі қызықты әдіс-тәсілдер арқылы белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды.
 
Қайырымдылық – кішкентай жүректен басталатын үлкен жақсылық!
 
 Сабақ соңында оқушылар мейірімділік пен қамқорлықтың адам өміріндегі маңызын түсініп, жақсы іс жасау әр адамның өз қолында екенін ұғынды.
 
Өткізген: Мергенбай П.А…
Просмотров: 11


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу