Жаратылыстану сабағы | 1 «Ә» сыныбы
19.10.2026


Сабақтың тақырыбы: «Жабайы және үй жануарларының айырмашылығы»
Бүгінгі сабақта оқушылар жабайы және үй жануарларымен танысып, олардың айырмашылықтарын ажыратуды үйренді.
Жабайы жануарлардың табиғатта өздігінен тіршілік ететінін, ал 🐑 үй жануарларын адамдар күтіп-баптап, қоректендіретінін білді.
Суреттермен жұмыс жасап, жануарларды топтастырды, өз ойларын айтып, білімдерін тәжірибе арқылы бекітті.
Сабақтың мақсаты — оқушылардың табиғат туралы түсінігін кеңейтіп, жануарларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін қалыптастыру.
Табиғатты танып, жануарларды қорғауға үйренейік!
Ы. Алтынсарин жалпы орта білім беру мектебі
1 «Ә» сыныбы
#Жаратылыстану #1Әсыныбы #АшықСабақ #ЖабайыЖануарлар #ҮйЖануарлары #БастауышСынып #БілімБерудегіЖаңашылдық
Просмотров: 13