Тақырыбы: «Эко әдет – таза болашақ»
16.10.2026


Ы.Алтынсарин ауылының ЖОББ
мектебі
16.10.2026 жыл
Тақырыбы: «Эко әдет – таза болашақ»
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға, суды үнемдеуге және қоқысты сұрыптауға үйрету.
Іс-шара барысында оқушылар табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасты. «Табиғат бізге не береді?» тақырыбында сұрақтарға жауап беріп, табиғатты қорғаудың күнделікті жолдарын талқылады. Сонымен қатар «Табиғатты қорғайық!» тақырыбындағы бейнеролик тамашаланды.
Тәрбие сағатында оқушылар «Қоқысты сұрыптау», «Табиғатты қорғау», «Суды үнемдеу» бағыттары бойынша үш топқа бөлініп, топтық тапсырмалар орындады. Қоқысты тиісті жәшіктерге сұрыптау, табиғатты қорғауға байланысты дұрыс және бұрыс әрекеттерді ажырату, суды үне…