Тақырыбы: «Д дыбысы мен әрпі» ашық сабағы

16.10.2026

Тақырыбы: «Д дыбысы мен әрпі» ашық сабағы
 
Сыныбы: 1 «Б» сынып
 
Өткізген: Байғазы Жанбота
 
Күні: 16.10.2026 жыл
 
2026 жылғы 16 қазанда 1 «Б» сыныбында Әліппе пәнінен «Д дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
 
Сабақтың мақсаты – оқушыларға Д дыбысы мен әрпін таныстыру, дыбыстың айтылу ерекшелігін меңгерту, сөз ішінен Д дыбысын табуға, буынға бөлуге, сөздерді дұрыс оқуға және жазуға үйрету. Оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, сөйлеу дағдыларын дамыту көзделді.
 
Сабақ барысында оқушыларға Д дыбысы мен әрпіне қатысты тапсырмалар ұсынылды. Көрнекіліктер, интерактивті тақта және дидактикалық материалдар пайдаланылды. Оқушылар суреттер арқылы сөздерді атап, Д дыбысы кездесетін сөздерді анықтады, жеке және топтық тапсырмаларды орындады.
…
Просмотров: 13


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу