Бүгінгі оқушы- ертеңгі адал азамат! Бастауыш онкүндігі аясында өткізілген ашық сабақ.
13.10.2026


Бүгінгі оқушы- ертеңгі адал азамат! Бастауыш онкүндігі аясында өткізілген ашық сабақ.
🌟 1 «А» сыныбында Әліппе пәнінен «М дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
💫 Сабақ барысында бүлдіршіндер жаңа дыбыспен танысып, әріптер әлеміне қызықты саяхат жасады. Заманауи әдіс-тәсілдер, жасанды интеллект мүмкіндіктері, интерактивті ойындар мен шығармашылық тапсырмалар сабақтың мазмұнын байыта түсті.
📖 Оқушылар дыбыстық талдау жасап, буындардан сөз құрап, жеке, жұптық және топтық жұмыстар арқылы білімдерін бекітті. Әр тапсырма балалардың ойлау қабілетін, тіл байлығын және оқуға деген қызығушылығын дамытуға бағытталды.
🌷 Әр әріп – білімге бастар баспалдақ, әр сабақ – үлкен жетістікке жасалған қадам!
👩🏻🏫 Ашық сабақты өткізген: Даулбаева А.Қ.
#АшықСабақ #Әліппе #МДыбысыМенӘрпі #БастауышСынып #1Асынып #ЗаманауиСабақ #БілімӘлемі