ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
13.10.2026


Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Ы.Алтынсарин ауылының ЖОББМ
🌸 ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Ы. Алтынсарин ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде қыз балалардың денсаулығын сақтау және жасөспірімдік кезеңдегі жауапкершілікті арттыру мақсатында түсіндіру жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында мектеп медбикесі Карибаева М.М. қыз балаларға жеке бас гигиенасы, денсаулыққа ұқыпты қарау, ерте жүктіліктің алдын алу және саналы шешім қабылдаудың маңыздылығы туралы ақпарат берді.
Кездесу қыз балалардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және салауатты өмір салтын ұстануына бағытталды.
🌷 Қыз баланың денсаулығы мен тәрбиесі – жарқын болашақтың негізі!
#Адал_азамат
#oqu_agartu_ministrligi
#suleymenova_zhuldyz
#ainagul.k.b
#botakozdiusenova …