Лагерьде ағылшын тілі пәнінен “Twin Day” тақырыбында танымдық әрі шығармашылық сабақ өткізілді.

24.06.2026

Лагерьде ағылшын тілі пәнінен “Twin Day” тақырыбында танымдық әрі шығармашылық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, достық пен ынтымақтастық құндылықтарын насихаттау. Сабақ барысында балалар жұп болып жұмыс істеп, өздерінің «егіз серіктестері» туралы ағылшын тілінде әңгімелесті, ортақ қызығушылықтарын анықтады және түрлі тілдік тапсырмалар орындады.

Практикалық бөлімде оқушылар жұптық достық браслеттерін жасап, оларды бір-біріне сыйлады. Бұл жұмыс балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, өзара қолдау мен достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.

Сабақ қызықты әрі белсенді өтті. Оқушылар тапсырмаларға белсене қатысып, ағылшын тілін қолдануға ынта танытты.

Просмотров: 85


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу