«Табиғат аясында»
24.06.2026


23 маусым 2026 жылы жазғы сауықтыру лагері аясында «Табиғат аясында» күні ұйымдастырылып, «Зерде» және «Болашақ» топтарының тәрбиеленушілері бассейнге барып, көтеріңкі көңіл-күймен демалды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу болды. Бассейнде балалар су ойындарына қатысып, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, қызықты сәттерге толы уақыт өткізді.
Тәрбиешілер тарапынан қауіпсіздік талаптары қатаң сақталып, балаларға үнемі бақылау жасалды. Тәрбиеленушілер белсенділік танытып, сергектік пен шаттыққа бөленді. Іс-шара балалардың көңілінен шығып, олардың жазғы демалысын мазмұнды әрі әсерлі өткізуге мүмкіндік берді.
Тәрбиешілер.