«Кітап – білім бұлағы» атты интеллектуалдық ойын сайысы өткізілді.
20.04.2026


21.04.2026 жылы Ы.Алтынсарин ауылының ЖОББМ
«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» ұлттық кітап күні апталығы аясында 3-сынып оқушылары арасында «Кітап – білім бұлағы» атты интеллектуалдық ойын сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты : Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Білімге құштарлығын дамыту. Ой-өрісін кеңейту және рухани құндылықтарды насихаттау.
Іс-шара барысында оқушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынасты. 1 кезең сұрақ-жауап,2 кезең мақал-мәтелдердің сыңары тап (Word Ball ) 3 кезең жұмбақтар және логикалық тапсырмалар орындалды. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсете білді.
Сайыс нәтижесінде өнер көрсеткен оқушылар әр түрлі аталым бойынша марапатталды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.
3 сынып жетекшілері.