Бүгін мектебімізде «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Мамандық күні» ұйымдастырылды.
20.04.2026


Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Ы.Алтынсарин ауылының ЖОББМ КММ
📌 СӘУІР -ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ПЕН КӘСІБИЛІК АЙЫ
📌 Бүгін мектебімізде «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Мамандық күні» ұйымдастырылды.
👩🎓 Іс-шараға «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Жаңаесіл ауылының Индустриалды технологиялар және сервис колледжі» МКҚК өкілдері арнайы келіп, 9-сынып оқушыларына өз оқу орны туралы кеңінен ақпарат берді.
🔧 Колледж мамандары талапкерлерге ұсынылатын мамандықтармен таныстырып, оқу мүмкіндіктері мен артықшылықтарын түсіндірді. Атап айтқанда:
✔️ шәкіртақы
✔️ тегін жатақхана
✔️ тегін тамақтану
✔️ жол ақысының төленуі
✔️ өндірістік тәжірибе кезінде жалақы
✔️ жұмыспен қамтылу мүмкіндігі.
Просмотров: 70