Бәрінен биік – ана жүрегі!

06.03.2026

Бәрінен биік – ана жүрегі! 🌸
Көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Ы. Алтынсарин ауылының ЖОББ мектебінде бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Бәрінен биік – ана жүрегі» атты мерекелік кеш өтті.  
✨ Кеш барысында:
* Мектеп директоры Т.А. Шахарбаев ақ жаулықты аналар мен аяулы ұстаздарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.  
* 1-сынып бүлдіршіндері аналарына арнап жүрекжарды тақпақтарын айтып, көрерменді тәтті үнімен баурап алды.  
* Сахна төрінде әсем ән мен күмбірлеген күй төгілді: Мажитова Асем мен Дильназдың дуэті, Кенжебек Асылымның орындауындағы «Сен бақытты анасың» әні және Манарбек Аяттың домбырамен орындаған «Жастар биі» күйі кештің сәнін келтірді.  
* 4-сынып оқушылары «Ананың бір күні» атты әсерлі көрініс …

Просмотров: 168


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу