Ақпан – жасампаздық пен жаңашылдық айы.
18.02.2026


Ақпан – жасампаздық пен жаңашылдық айы.
2026 жылғы 17 ақпанда жаратылыстану-математикалық бағыттағы онкүндік аясында Баян Сайлауқызы 5 «Ә» сыныбымен «Жаратылыстану» пәнінен «Температура мен жылу энергиясының арасындағы айырмашылық неде?» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға температура мен жылу энергиясы ұғымдарының мәнін түсіндіру, олардың арасындағы айырмашылықты ажырата білуге үйрету, күнделікті өмірдегі мысалдар арқылы білімдерін кеңейту және ғылыми тұрғыда ойлау дағдыларын дамыту.
Просмотров: 105