"Кішкентай қадам - үлкен жетістік "


7.01.2026жылы 💫"Кішкентай қадам - үлкен жетістік " бастауыш сынып бірлестігінің апталығы аясында Ы.Алтынсарин ауылының ЖОББ мектебінің 3"Ә" сыныбында «Білім жұлдыздары» атты тапқырлар сайысы оқушылардың білімін тереңдету, ойлау қабілетін дамыту және танымдық белсенділігін арттыру мақсатында өткізілді. Сайыс оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылып, қызықты әрі мазмұнды түрде өтті.
Сайыс барысында оқушылар бастауыш сыныптың негізгі пәндері бойынша білімдерін ортаға салды.Әр түрлі қызықты тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап берді.Логикалық есептер шешті. "Кім жылдам" , "Гексагон" , "Ұяшық ашу " әдістері арқылы сайыс тапсырмалар берілді.Балалар белсенділік танытып, өз білімдерін еркін көрсете алды. Сайыс достық атмосферада өтіп, оқушыларға көте…