«12 ай – 12 кітап» жобасы


«12 ай – 12 кітап» жобасы
«Оқитын ұлт» ұлттық жобасы аясындағы «12 ай – 12 кітап» жобасы бойынша 2 «Б» сыныбында Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі негізінде пікірталас өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем шығарманы түсініп оқуға, кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға, өз ойын еркін әрі жүйелі жеткізуге баулу.
Пікірталас барысында оқушылар шығарма мазмұнын талқылап, кейіпкерлердің іс-әрекетіне өз көзқарастарын білдіріп, сұрақтарға жауап берді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, шығармадан алған әсерлерімен бөлісті.
Іс-шараны ұйымдастырып, оқушылардың шығармашылық жұмысына бағыт-бағдар берген сынып жетекшісі Исабекова Д.Ғ. және кітапханашы Жумагулова М.С.
Кітап оқу – рухани дамудың бастауы!