А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай "Түлкі мен Қарға" мысалынан қойылым

Ы.Алтынсарин ауылының жалпы білім беретін орта мектебінде мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" аясында А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай "А. Байтұрсынұлы аудармалары - тәлім мен тәрбие мектебі" тақырыбында қырық мысалы ішінен "Түлкі мен Қарға" мысалынан қойылым көрсетілді. Мақсаты: Оқушылардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. А.Байтұрсыновтың аудармаларын оқу арқылы тәрбиелік мәнін түсіндіру. Ұйымдастырған кітапханашы: Жумагулова М.С.