Оқушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру туралы ақпарат

 «Бірінші байлық-денсаулық»- демекші Ы.Алтынсарин ауылының орта мектебі бала денсаулығына аса зор мән береді. Денсаулықтың мықты болуына  жауап беретін фактор ол- дұрыс тамақтану. Мектебімізде әр оқу жылы басталысымен  мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, тамақтану мәселесі ерекше орынға ие болады. Жыл сайын мектепшілік ата-аналар жиналысында мектептің әлеуметтік  педагогы Б.Т.Кожауова ата-аналар алдында асхана бойынша есеп беріп, әңгіме  жүргізіп, сауалнамалар жүргізеді.

Ы.Алтынсарин ауылының жалпы орта білім беретін орта мектебінің асханасын жалға алушы "Ақжол" жеке кәсіпкерлігі өз жұмысын бірнеше жылдан бері адал атқарып келеді. Мектеп тарапынан  арнайы тағам сапатын анықтайтын комиссия оқу жылының басынан құрылған болатын. Ай сайын аталған комиссия асхана жұмысын тексеріп, мониторинг жасап отырады. 4 апталық перспективтік ас мәзірінен күнделікті ас мәзірі жазылып, мектеп басшысы бекітіп отырады

Оқушылардың тамақтануын  жүзеге асыру шарасы, ұйымның тамақтануын жақсарту, сапалы және тиімді тамақтануын, жасөспірімдер және оқушылардың денсаулығын жақсартуын қамтамасыз ету мақсатында  әр оқу жылының басында тағам сапасын анықтайтын комиссия құрылады.

      Тағам сапасын анықтайтын   комиссия  мүшелері:

      Шахарбаев Т.А. – мектеп директоры – комиссия төрағасы;

      Зейнолда К. -  кәсіподақ төрайымы;

      Кожауова Б.Т. - әлеуметтік ұстаз;

      Сейдахметова М.С. - медбике;

      Иркитова Ф.М. - ата –ана комитетінің төрайымы.

Аталмыш  комиссия мүшелері асхана жұмысына ай сайын тексеру жұмыстарын жүргізеді. Комиссия ас дайындау процесіне қатысып, технологиялық картамен салыстырады.Тексеріс соңында акт толтырады. Аспазшы осы актпен танысады.